0:00 / 0:00
Бұрын азаматтар жылжымайтын мүлікті сатып, алу-сату шартын рәсімдеу үшін ХҚКО-ға немесе нотариустарға жүгінуі тиіс болатын. Енді пәтер сатып алған азаматтар жаңа сату кеңсесінде "Нотариалды куәландырылмаған мәміле жасау және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызметін ала алады. Бұл орында бірқатар мемлекеттік қызметтер де көрсетіледі. Жылжымайтын мүлікті ресімдеу кезінде ХҚКО мамандары сатып алу-сату шартын жасайды, мәміле жасайтын тұлғалардың қолдарының түпнұсқалығын, олардың құқықтық қабілеттілігін тексереді. Содан кейін жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.Мәміле жасау үшін сатып алушы жұбайының нотариалды куәландырылған келісімін немесе иеліктен шығарылған немесе сатып алынатын мүліктің меншік иесі некеде тұрмайтындығы туралы өтініш беруі керек.Айта кетейік, бұған дейін дәл осындай сектор С.Тюленин көшесі, 47/1 мекенжайында ашылған болатын. Алғашқы сектордың қызметін бүгінге дейін 100-ге жуық тұрғын пайдаланып үлгерген. Сала мамандары алдағы уақатта мұндай қызмет көрсету секторларының санын арттыруды жоспарлап отыр.