0:00 / 0:00
Бәйтерек ауданы, Достық ауылының тұрғыны Нәдір Қуанаевтың бұл осымен ақ ұлпадан үшінші мәрте қалаған мүсіні. Бұған дейін жас шебер қардан спорт көлігі мен орталық мешіттің көшірмесін жасап, облыс тұрғындарының таңданысын тудырған болатын. Қарапайым көлік жүргізушісі болып еңбек ететін Нәдір Қуантаев бойындағы қабілетін хоббиге балап отыр. Полицей көлігін жасау жинақталған тәжірибесінің арқасында қиындық тудырмаған.
Осылайша, көлік мүсініне бір аптадай уақытын жұмсаған Нәдір Қуанаев әр іске шыдамдылық танытсаң, нәтижесі оң болатынына көзі жеткен. Туыстары мен Достық ауылының тұрғындары Нәдірдің шығармашылық шеберлігіне жоғары бағасын берген. Бүгінде өз баспанасының ауласында соғылған автокөлікке қызығушылық танытып, суретке түсуге келетіндердің қатары әлі де толастаған жоқ. «Тәртіп сақшысы болмасам да, сала мамандарының қызметіне көңілім толады. Жерлестеріміз қоғамдағы тәртіпті сақтауға үлес