Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МӘЖІЛІС ПЕН МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫНА ЖЕТІ ПАРТИЯ ҚАТЫСАДЫ

c 21:19, 14/02/2023 c 140

0:00 / 0:00

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауға қатыса алатын партиялар тізімін жариялады. Сайлау туралы конституциялық заң талаптары бойынша партиялық тізімде 70 пайызы сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы тек саяси партияларға ғана тиесілі. Бүгін партия өкілдері бас қосып, сайлау тәртібі туралы кеңес өткізді.

Бүгін - Дүниежүзілік сайлау күні. Бұл күн 2005 жылдан бері аталып өтіледі. Негізгі мақсаты - азаматтардың назарын сайлау құқығын қамтамасыз етуге аудару, сайлаушылардың белсенділігін арттырып, сайлау үдерістерін жетілдіру. Қазақстанның 18 жасқа толған кез келген азаматы жергілікті мәслихаттар, Парламент депутаттары мен Мемлекет басшысын сайлау арқылы таңдау жасау құқығына ие. Осылайша сайлаушылар конституциялық құқығын пайдаланып, мемлекетті басқару ісіне тікелей араласа алады. Яғни, алдағы науқанға қатысушылар өз таңдауларын жасап, ел болашағы үшін жауапты науқанға белсене қатысуы тиіс. «Қазіргі уақытта Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген және жұмыс істеп отыр. Өткен жылға дейін 5 саяси партия болса, олардың қатарын «Байтақ» жасылдар партиясы және биыл құрылған «Республика» партиясы толықтырып отыр. Әзірге бірде-бір саяси партия мен оның кандидаттары үгіт насихаттарын жүргізіп жатқан жоқ. Бұл жұмыстар 18-ші ақпанда басталады. Оған дейін ешқандай шаралар орындалмауы тиіс. Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясы БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Бағдат Ізмағанбет, «Ақжолдықтар» алдағы сайлауда халық дауысын қажетті мөлшерде жинайды,- дейді. Және дауыс беру әділ өтетініне сенімді. Барлық аталған саяси партиялардың жарғыларында партия Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы екені көзделген. Және әр партияға халықтың кем дегенде 5 пайызы дауыс беруі тиіс. Ал облыста 449 мың сайлаушы бар. Яғни бір партияның 25 мыңнан аса сайлаушысы болуы қажет.

 

Айнұр, Айболат, Саша

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.