Отан үшін сұм соғыста өмірін өлімге тігіп, ұшақпен талай жаудың бетін қайтарған Хиуаз батырдың есімі Орал қаласындағы №30 мектепке берілді. Тарихи оқиғаға орай, өңірімізге Қазақстан Республикасының Халық қаһарманының немересі Қанат Шаку табан тіреген еді.