Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТ «АРСЕЛЛОР МИТТАЛ» КОМПАНИЯСЫН АУЫСТЫРУДЫ ҰСЫНДЫ

c 17:35, 09/11/2022 c 1039

0:00 / 0:00

Депутаттар Мәжілістің жалпы отырысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі Ленин атындағы шахтадағы апатта қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.....
Еске сала кетейік, 3 қарашада Қарағанды облысындағы шахтада орын алған жарылыста 5 адам көз жұмды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мәжілісмен Юрий Жулин үкіметке жолдаған сауалында Қазақстан заңдарын орындамай, талаптарды ескермей отырған «Арселлор Миттал» компаниясын ауыстыруды ұсынды.

ЮРИЙ ЖУЛИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Алдағы уақытта да «АрселорМиттал» заңдарымызды құрметтемесе және өз міндеттемелерін орындамаса, Үкімет меншік иесін ауыстыру мәселесін нақты түрде шешуге кірісуі тиіс. Сонымен қатар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың қызметін қолдау мәселесін шешу қажет»

Депуттатың айтуынша, «АрселорМиттал Теміртаудағы» апаттар қалыпты жағдайға айналды. Тек шахталарда 100-ден астам кенші қаза тапты. Қайғылы оқиғалар өнеркәсіптегі қауіпсіздік талаптарын қарапайым елемеу салдарынан жиі орын алуда. Жулин биылғы жазда металлургия комбинаты цехтарының бірінде пештің опырылуы салдарынан болған 4 жұмысшының қазасын еске салды. Мәжілісмен мемлекет пен ел азаматтары бұл инвесторға ештеңе қарыз емес екенін қадап айтты. Кәсіпорын жабдықтарының тозуы, апаттар қоғамды алаңдатып отыр деді.

ЮРИЙ ЖУЛИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Елімізде өлім-жітім төмендеп жатса, «АрселорМиттал Теміртауда» бұл қайғылы жағдайлар саны өсіп келеді. Компанияның жоғары табыс алуы салық жеңілдіктері мен басқа да преференциялар түріндегі тұрақты мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болды. Мәселен, 2014-15 жылдың өзінде ғана мемлекеттік қолдау көлемі 50 миллион долларға жуықтады. Осы жылдар бойы Миттал отандық кәсіпорындардан тек пайда алып келді. Мемлекет мүддесін елемей, қабылданған инвестициялық міндеттемелерді жүйелі түрде бұзып отыр. Мұндай көзқарас кәсіпорындар мен жалпы сала үшін теріс салдарға әкелетіні анық»

Халыққалаулылары Үкіметтен «Арселлор Миттал» компаниясынан өндірісті терең жаңғыртуды, қуаттарды кеңейтуді, жұмысшылардың еңбек және лайықты жалақы құқықтарын, сондай-ақ экологиялық нормаларды сақтауды қатаң талап етуді сұрады. Тіпті депутат Юрий Жулин шахтадағы жарылысты тергеу ісі аяқталғанша, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының топ-менеджментін Қазақстаннан шығармау керек деген талабын алға тартты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.