16-шы желтоқсан күні қазақ халқының сан ғасыр бой арман еткен Тәуелсіздік мерекесінде өңірімізге белгілі тарихшы ғалымдар, оқытушылар мен "Ақ жол" Қазақстан Демократиялық партиясының өкілдері мен бірге шаһарымыздың белсенді азаматтары Жұмағазы хазірет қорымына табан тіреп, құран бағыштаған болатын. Шараның негізгі мақсаты -Тәуелсіздік жолында құрбан болған жандардың рухына тағзым етіп, киелі жерге арнайы келген келген азаматтармен бірге "Дәдем ата-Жұмағазы хазірет" қоғамдық қоры мен белсенді жандардың жыл бойы атқарған еңбегін қорытындылау еді.