Бұқара халық желтоқсан айында бірнеше мерекені кең көлемде атап өтетіні ақиқат. Көңіл көтеру үшін барған азамат кейбір жағдайда ас- ауқаттан ұшынып, аурухана кереуетіне де таңылып жатады. Сала мамандары жеке кәсіпкерлерді тексерген тұста, олардың қарапайым санитарлық нормаларды сақтамағаны белгілі болып жатады. Аталмыш олқылықтың алдын-алу үшін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары барлық мейрамхана, ойын-сауық орталықтары жеке гигиена мен заңнамада көрсетілген ережерлерді естен шығармауды сұрайды.