0:00 / 0:00
Жол көлік оқиғасы салдарынан адам өлімі тіркелген екі жағдай орын алды. Оның бірі 8-тамыз күні түнгі сағат 2:20 шамасында Ақсу ауылында болған. «Ауди 80» автокөлігін тізгіндеген 1993 жылғы азамат рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, аударылып қалған. Апат салдарынан 1997 жылғы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Ал көлік жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілген. Екінші жағдай тамыз айының 9-шы жұлдызында таңғы сағат 07:10 шамасында Бөрлі ауылына кіреберіс тұста болған. «Ауди» және «Тайота ланд крузер» автокөліктері соқтығысып, бір жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.