«Ақ жол» демократиялық партиясының депутаттары жұмыс сапарымен Бөрлі ауданына табан тіреді. Сапар барысында облыстық мәслихат депутаты Б.Ізмағанбет партияның белсенді мүшелеріне «Қазақстан мемлекетіне 100 жыл» төсбелгісін табыстады. Сондай-ақ мүшелікке енді өткен жандарға партия билеті берілді.
0:00 / 0:00
“Ақ жол” ҚДП БҚОФ төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Бағдат Ізмағанбет бастаған “Ақ жолдықтар” жұмыс сапарымен Бөрлі ауданында болды. Іс-сапар барысында олар аудан әкімі Еркебұлан Ихсановпен кездесіп, ауданда атқарылған жұмыстарды пысықтап, болашақ жоспарларымен бөлісті. Айта кету керек облыс бойынша “Ақ жол” ҚДП-ның 19 депутаты сайланған болса, оның үшеуі осы ауданнан. Аудан әкімі өз кезегінде партия депутаттарының Бөрліде атқарып жатқан жұмыстары өте көп екенін айтып, ризашылығын жеткізді. Әкіммен кездескен соң Бағдат Мәдиұлы партия қатарына жаңадан қосылып жатқан бірқатар азаматтарға партия билеттерін салтанатты түрде табыстады. Елдің жарқын болашағы үшін атсалысып, аянбай еңбек етіп жүрген жандар да елеусіз қалмады. Олардың бірі - Талғат Досқалиев. Көп жылдар ҚР қарулы күштерінің сапында адал қызмет етіп, бүгінде партияның ұстанымын белсенді насихаттап жүрген ол партия президиумы атынан «Қазақ мемлекетіне - 100 жыл» медалімен марапатталды. Аталған жиыннан соң халық қалаулылары аудан тұрғындарымен кездесті.