Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ" атты дөңгелек үстел өтті

c 16:52, 28/07/2022 c 2333

0:00 / 0:00

"Зорлық зомбылыққа жол жоқ" деген атаумен Орал қаласында дөңгелек үстел өтті. Жиында әйел адамдарға қатысты жасалатын қылмыс пен зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілетіні айтылды.

Кезінде заңғар жазушы Мұхтар Әуезов "Әйел-ана бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді" деп жазды. Қазіргі таңда бесік пен әлемді бірге тербейтін жандарға қатысты қысым мен қылмыстың артқаны көңілді көншітпейді. Жыл санап заң жүзінде тұрмыста әйел адамдардың зорлық-зомбылыққа ұшырамасы үшін түрлі заң талаптарын күшейтіп, қоғам белсенділері түсіндіру жұмыстарын жүргізгеніне қарамастан, ері соққыға жығып, өмірі мен ден, жан саулығына залал келіп, зәбір көріп жүрген жандар бар. "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" деген ұранмен облыс орталығында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қатысқан полиция қызметкерлері өткен жылдармен салыстырғанда әйел адамдарға қатысты жасалған қылмыстың саны азайды деседі. 2

"Зорлық-зомбылыққа жол жоқ" деген атаумен өткен дөңгелек үстел барысында ұрпақ тәрбиесі, отбасы құндылығы мен өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде қандай көмек көрсетілетіні айтылды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.