0:00 / 0:00
Жұма соңында күн райы қайта жылынып, ауа температурасы 30-35 градус аптап ыстық болмақ. Бұл туралы БҚО "Қазгидромет" мекемесінің мамандары хабарлады. Синоптиктер шілдедегі ауа райы солтүстіктен соққан желдің әсерінен суығанын айтады. Алдағы күндері солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады.