0:00 / 0:00
БҚО-да 16 жасқа толмаған жасөспіріммен жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін М. есімді азамат 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы облыстық прокуратура қызметкерлері хабарлады. Сотталған азамат жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады. Сот үкіміне сәйкес жаза арқалаған азамат педагогтік қызметпен және лауазымды орында болу құқығынан өмір бойына айырылды.
СУРЕТ https://www.zakon.kz/ САЙТЫНАН ЖҮКТЕЛДІ