0:00 / 0:00
24-маусымнан бастап оралдықтар Ресейдің Қазан қаласына қатынай алады. Пандемияға дейін осы рейс іске қосылған еді. Араға біраз уақыт салып, саяхаттаймын деген жандарға мүмкіндік ашылмақ. Алғашқы рейс жұма күні кешкісін жолға шығады. Қазаннан оралдық автобустар жексенбі күні кешкісін аттанады.
Жазда алыс-жақын ел мен жер көрем азаматтар үшін тамаша мүмкіндік. Қайтадан Орал қаласынан Қазан қаласына қатынайтын рейс ашылмақ. Автобустар аптасына бір рет, жұма күні жолға шығады деп күтілуде. Билет құны бір бағытқа 12 мың теңгені құрайды.
Вирустың таралу қаупі бәсеңдеп, елдегі жағдай тұрақталғасын шекара ашылып, көрші ел арасында жолаушы тасымалдау ісі біртіндеп жолға қойылып келеді. Жүргізушілер жолаушылармен сағынысып қауышқандарын айтады.
Қазіргі таңда Оралдан Ресейдің Саратов, Самара, Оренбор мен Тольятти қаласына қатынауға болады. Ал, облыс орталығынан тек Атырауға ғана автобус жүреді. Автовокзал басшылығы Ақтөбеге баратын рейсті адам жоқ болғасын ашпай отырмыз,- дейді. Пандемияның кесірінен білікті жүргізушілер де жұмыстан кеткен. Бұрындары 130 жүргізуші болса, қазір оның 40 пайызы ғана еңбектенуде.