0:00 / 0:00
Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатта "Арнаулы мектептің үздік педагогі" байқауы өтті. Орал қаласында ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істейтін облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп тәжірбиесі мен білім ұштасқан үздік педагогті анықтады. Білім ордасы қабырғасында ұйымдастырылған байқауға бес ұстаз қатысты.
Ұстаздар бақ сынаған сайыс үш кезеңнен тұрды. Әуелі педагогтер ашық сабақтарының бейнежазбасымен бөлісіп, әдістемелік жобасын қорғады.
Байқауға қатысқан ұстаздардың бірі-Айнагүл Есенқызы. Ол осындай сайысқа екінші мәрте қатысыпты.
Арнаулы мектептің үздік педагогі байқауында бірінші орынды Танзиля Гусманова жеңіп алды. Жеңімпаз ұстазға кәсіподақ атынан шипажайға жолдама берілді. Естеріңізге сала кетейік, биыл облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатын 134 оқушы аяқтап шықты. Ерекше білімді қажет ететін балаларға 80 астам педагог пен тәрбиеші білім береді.