0:00 / 0:00
Күн райы жылынған шақта азаматтардың көбі табиғат аясына шығып, серуендеп, суға шомылады. Жазда адамдар шомылатын жағалауларға деген талап күшті. Облыс аумағында белгіленген 19 жағалау бар. Оның 8-і облыс орталығында орналасқан.
Облыс аумағында заңнама талаптарына сай жабдықталған 19 жағалау бар. Оның 8-Орал қаласында болса, сегізі Бәйтерек ауданында орналасқан. Қалғаны өзге аудандарда.
Заң талаптарына сәйкес әрбір жағалау құтқарушылар мен арнайы құтқару құралдарымен жабдықталуы тиіс. Және су асты түрлі қоқыстан тазартылуы шарт.
Жабдықталған жағалаудан бөлек, азаматтардың амандығы күн тәртібінен түспейтін мәселе. Мәселен, өткен жылы өңірде 24 адам суға батып кетті. Оның сегізі кәмелетке толмаған бала еді. Биыл қайғылы статистика Ақжайық ауданында тіркеліп үлгерді.