Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бес баланың анасы еміне ақша жинап жатыр

c 17:32, 26/05/2022 c 1030

0:00 / 0:00

Бес баланың анасы Лиза Ажғалиеваның еміне қыруар қаржы керек. Жақында бесінші перзентін дүниеге әкелген келіншекке асқазан ісігінің обыры деген диагноз қойылыпты. Қазіргі таңда Лиза Түркияның Стамбул қаласында емделіп жатыр. Соған байланысты науқастың тума-туыс, дос-жарандары жомарт жандардан көмек сұрайды.

Орал қаласының тұрғыны Лиза Ажғалиеваға асқазанның қатерлі ісігідиагнозы қойылыпты. Жас ана наурызда бесінші баласын босанған. Бүгінде келіндерінің саулығын тілеп отырған ата-енесі немерелерін бағып отыр.

Жаман ауруға шалдыққан кейіпкеріміз №6 емхананың есебінде тұр. Дәрігерлер келіншек денсаулығына шағымданғасын тиісті зерттеу жүргіздік,- дейді.

Қазіргі таңда Лиза Ес-Досқызы түрік елінде емделіп жатыр. Кейіпкерімізге шетелдің дәрігерлері ең алдымен эндоскопиялық зерттеу жүргізіп, асқазан обырының 4-ші кезеңін растапты. Стамбулда емделіп жатқан жас ана химиятерапияның біріншін алды. Лизаның сіңлісі Арайлымның айтуынша, бір ай жарым уақыт ішінде 50 мың доллар көлемінде қаражат жұмсалған. Күн сайын палатада емделуі үшін 1000 доллардай ақы төленеді.Науқастың тума-туыстары ем-домды жалғастыру үшін 100-120 млн қаржы керек,- дейді.

29-жасар Лиза Ажғалиеваның тума-туыстары мен достары жомарт жандардан көмек сұрайды. Бесінші сәбиін наурызда дүниеге әкелген жас ана қазір өмір үшін күресіп жатыр. Түркиядағы ем-домды үзбей қабылдау үшін қыруар қаржы керек. Бес баланы анасынан айырмай, келіншектің жаман аурудан құлан таза айығуына мұрындық болайық, ағайын! Жас ананың саулығын сақтап қалуға септесеміз десеңіз, 8-775-983-04-60 телефон нөміріне қаражат аударуларыңызға болады

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.