0:00 / 0:00
Өңірде шалғын көбелегінен келер қауіп сейіле қойған жоқ. Өйткені көршілес облыстардан желмен ұшып келу дерегі тіркелген. Осылай деген фитосанитария мамандары шаруаларға сақтық шараларын күшейтуге кеңес беріп отыр. Естеріңізде болса осыдан екі апта бұрын көршілес Ақтөбе облысында шалғын құрт қаптап, шаруашылық иелерін әбден әбігерге салған еді. Көп ұзамай дала зиянкестері қаладағы үй маңын жайлап кетті. Құрттарға қарсы күрес аудандандарда, қала ішінде де жүйелі жүргізілгенмен олар көбелекке айналып, көпшіліктің мазасын қашырды. Осы орайда сала өкілдері көршілес облыста қылаң берген мәселе біздің өңірде де тіркелу қаупі бар екенін ескертті. Айта кеткен жөн, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күрес жұмыстарын шаруалар өздері жүргізу тиіс.Қазір аудандар аумағында тіркелген зиянкестерді зерттеу бағытында шаралар атқарылуда. Әзірге шағымдар түспеген. Жұмыртқадан дернәсіл құртқа айналған шақта тауар өндірушілер алқаптары жойылып кету қауіпі бар. Сондықтан жасыл желектің гүлі мен жапырағын жайпап кететін көбелек құртымен күрес бүгіннен қолға алынуы керек.Шалғын көбелектің ұшу дерегі тіркелген Ақжайықта- 250, Сырымда -40, Қаратөбеде- 50, Теректіде - 70, Бәйтеректе-100 гектар аумақта зерттеу жұмыстары жүргізілуде.