Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол жөндеу жұмыстары қарқын алды

c 17:21, 13/05/2022 c 1145

0:00 / 0:00

Өңірде республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары қарқын алды. Бұл бағыттағы құрылыс барысына қосымша техникалар, атап айтқанда үкімет басшысының тапсырмасымен вагондар бөлініп, құрылыс материалдарын тасымалдау жұмысы ширай бастады. Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың құрылысын келесі жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырған еді. Өткен жылы жергілікті маңызы бар 330 шақырым жол жөнделді. Облыс орталығын Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарымен байланыстыратын автожолды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Биыл бұл мақсатқа 15 млрд. теңге қарастырылған. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осыдан бірер күн бұрын батыс өңірде қиыршық тас тасымалдауға 2 300-ден астам жартылай вагон тартылғанын, сондай-ақ қосымша 700 жартылай вагон бөлу жоспарланғанын атап өтті. Осылайша, Батыс Қазақстан облысының автомобиль жолдарын күрделі жөндеу және салу жобаларын іске асыру үшін вагондармен уақтылы қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті іс-шаралар қабылданыпты.Мәселен, Республикалық маңызы бар жолдардың бірі саналатын «Казталов- Орал» бағытындағы жолдың 50 шақырымының құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеме күні бүгінге дейін қиыршық тас жеткізу мәселесімен бетпе-бет келгенін айтады. Бұл бағыттағы жұмысқа 600 мың тонна тас қажет екен. Инертті материалды жеткізуші вагондар тапшылығы да тас жолдардың құрылысын жүргізуге кедергі келтірсе, қазір аталған мәселелер біртіндеп шешімін табуда. Нақ осы сәтте жол салуға бұл компания 300-ге жуық адамды тартқан. Облыстағы тас жолдарды жөндеуге бір айда қиыршық тас тасу үшін 5 мыңға тарта вагон қажет болса, бүгінгі күні 4 мыңнан аса вагон бұл шараларға жұмылдырылуда.Қазір жол жөндеу жұмыстары кезінде шамамен 1000-ға жуық адам еңбекке тартылуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.