0:00 / 0:00
Жымпитыда бұралқы иттер бір ауладан 70 қойды қырып кетті. Аудан орталығында тұратын Батырбек Жұбанғалиев айтуынша, наурыз айынан бері аш иттер оның ауласына 3 рет шабуыл жасапты.Сырым ауданы Жымпиты ауылының тұрғыны Батырбек Жұбанғалиев қорасындағы бір отар ұсақ малынан айрылып қалды. Оқиға аудан орталығы Жымпиты ауылында болды. Зейнет жасындағы Батырбектің қорасын қорыған ауылдың қаңғыбас иттері бірнеше күнде 70 бас қойын өлтіріп кеткен. Бүгінде осыдан бірнеше ай бұрын қорасы толған малдан сануалы бас қалыпты. Оның айтуынша, келген шығын шамамен 4,5 млн. теңгені құрайды. Өкінішке орай оның бұл шығыны өтелмейтін көрінеді. Ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетовтың айтуынша заң бойынша ит тиіп, өлген малға өтемақы қаралмаған.Бүгінгі таңда қойға шапқан екі қаңғыбас иттің көзі жойылыпты. Бұдан бөлек, ауданда 235 жабайы ит ауланып өлтірілсе, Жымпитының өзінде 160 қаңғыбас ит ауланған. Сонымен қатар тұрғынға қораны ит кірмейтіндей етіп бекіту қажеттігі айтылған. Қазіргі уақытта аталған азаматқа басқалай көмек көрсету жағы қарастырылуда. Жалпы, ауылдарда бұралқы иттердің көбейіп, малға шауып жатқанын тұрғындар да растап отыр.