0:00 / 0:00
Орал қаласында орналасқан 170/2 түзету мекемесінде араға ұзақ жылдар салып "Ашық есік" күні ұйымдастырылды. "Ашық есік" күнінде сотталған азаматтардың туыстары түзету мекемесінің ғимаратына кіріп, олардың ас-ауқат ішетін орындарымен танысты.
Түрмеде жазасын өтеп отырған азаматтардың туыстары үшін "Ашық есік" күні ұйымдастырылды. Шара барысында 50 сотталғанның туысы түзету мекемесінің ғимаратына кіріп, олардың тұрмыс-тіршілігімен танысты.
Жанұясымен жолыққан сотталғандар бұл шараның олар үшін маңызды екенін айтады.
Жалпы 170/2 түзету мекемесінде 460 астам жазасын өтеуде. Олар ұсақ және орташа деңгейде қылмыс жасағандар. Сала мамандарының айтуы бойынша, түрмеде жазасын өтеген жандардың 10-15 пайызы қайта қылмыс жасап түзету мекемелеріне кері оралады.