0:00 / 0:00
БҚО аумағында 13-сәуірден бастап киіктердің санын анықтау мақсатында санақ маусымы басталды. Өткен жылғы мәліметтерге сүйенсек, өңірімізде киелі жануарлардың саны 545 мыңнан асып жығылады. Сала мамандары биыл жануарлардың саны маусым мен шілде айларында анықталатынын айтады. Қазіргі таңда еурокоптер тік ұшағы арқылы әуе санағы жүргізілуде. Жыл санап Орал популяциясының саны артып келеді. Мысалы 2019 жылы киіктердің саны 217 мыңға жуықтапты. Қолданыстағы заңнама бойынша 2023 жылға дейін ақбөкендерді аулауға, мүйізін кесуге болмайды. Алайда өткен жылы "қызыл кітапқа" енген жануарларға залал келтірген 35 дерек тіркеліпті. Сала мамандары 20-ға жуық қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді.
СУРЕТ https://zhaikpress.kz/ САЙТЫНАН ЖҮКТЕЛДІ.