Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпорындарға 34 колледж қамқорлыққа берілді

c 18:23, 20/04/2022 c 587

БҚО-да барлық кәсіптік және техникалық білім беретін колледждер өңірдің ірі кәсіпорындарының қамқорлығына берілді. Енді кәсіпорындар оқу орындарының қабырғасында қажетті кадрларын дайындай алатын мүмкіндікке ие болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ірі кәсіпкерлерімізбен кездескенде білім беру саласында жаңашылдықтар енгізіліп, нарыққа сұранысқа ие кадрларды дайындау қажеттігін айтқан еді. Осы тапсырмадан соң өңіріміздегі кәсіптік және техникалық білім беретін колледждар ірі кәсіпорындардың қамқорлығына берілді.

Орал қаласында орналасқан "Ақпараттық технологиялық колледж" осы айти саланың алыбымен қамқорлық бойынша келісімшартқа қол қойды. Қазіргі таңда білім беру ұйымында 500-ден астам студент 3 мамандық бойынша білім алуда. Педагогтер қауымы жаңашылдықтың арқасында колледжде алған теориялық білімдерін тәжірбиеде ұштастыра отырып, жаңа оқу бағдарламасында жоқ жаңа машықты меңгереді,- дейді.

Білім және ғылым министрлігі колледжерге академиялық дербестік берді. Соның арқасында енді әрбір оқу орны қажеттігіне қарай сұранысқа ие деген пәндерді оқу процесіне енгізе алады. Айти саласында жұмыс істейтін "Айти Групп Қазақстан" компаниясының бас директоры диплом алған жас маманды нарықта сұранысқа ие маман қылып даярлау күн тәртібіндегі мәселе екенін айтады. Келісімшартта көрсетілген шарттарды бұрын да орындап келдік. Осы оқу орынының студенттері айти салада дуалды оқыту мен тәжірбиеден өтеді,- дейді кәсіпкер.

Естеріңізге сала кетейік, БҚО-да 34 кәсіптік және техникалық колледж бар. Оның 25-сі мемлекеттік, қалғаны жекеге тиесілі. Өткен жылы оқу бітірген жастардың 70 пайызға жуығы жұмысқа тұрыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.