0:00 / 0:00
Орал қаласының бюджеті өзгеріске ұшырады. Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депуттаттар қазына қаражатының өзгерісін бір ауыздан мақұлдады.
Қалалық мәслихат сессиясында облыс орталығының бюджеті толықты. Сала мамандарының келтірген мәліметі бойынша әлеуметтік салаға 123,3 млн теңге бөлінсе, құрылыс нысандарын салу мен жобалық сметалық құжаттарды даярлау үшін 151,7 млн теңге қарастырылған. Ал қала тұрғындарын үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін 842,7 млн теңге, жолаушыларды тасымалдау компанияларына 800 млн теңге бөліп, субсидияламақ.
Мәслихат сессиясы барысында қалаға қарасты ауылдық округтер мен кенттердің бюджетіне де өзгерістер енгізілді. Мәселен, енді Зашаған кентінің бюджеті-555,1 млн теңге, Круглозерный кенті 198,4 млн теңге, Желаев ауылдық округі -111,5 млн теңге, Деркөл кентінің қаржысы 371,3 млн теңгені құрады. Және мәслихат депутаттары ауылдық жерде азаматтық қызмет көрсететін мамандардың жалақысын 25 пайызға көбейту туралы ұсынысты қабылдады. Бюджеттің есеп-қисабын тыңдап болғасын мәслихат депуттаттары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының есебін тыңдады.
Қала әкімінің міндетін атқарушы Мирас Мүлкәй бюджеттегі өзгерістерді мақұлдаған мәслихат депутаттарына алғысын айтып, жолаушыларды тасымалдау компанияларына арналған 800 млн теңге қаражатты санаулы айда игеретінін айтты.