Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шыбын-шіркеймен күрес басталды

c 17:38, 20/04/2022 c 611

0:00 / 0:00

Орал қаласында шыбын-шіркейлерді улау жұмыстары басталды. Дезинсекцияның алғашқы кезеңі - дернәсілдерге қарсы өңдеу жұмыстары. Биыл қансорғыштармен күрес шарасын "Мактоксин" ЖШС жүргізуде. Зянкестермен жұмыс үстіміздегі айдың 14-нде Мичурин және Құс фабрикасы аумағындағы көлтабандар мен ылғалды жерлерде басталған. Қазіргі уақытта энтмолог мамандармен бірлесе атқаралып жатқан жұмыстар қыза түскен. Орал қаласының аумағындағы барлық саяжайлар аумағы мен өзен-көлдердің жағалары және тынымбақтар территориясында қансорғыштарға қарсы препараттар шашылуда. Әзірге шыбын-шіркейлердің дернәсіл кезіндегі сатысын жою шаралары басталған. Ертең Бор тау аумағы мен Асан елдімекенінде осындай жұмыстар жалғасады. Негізінен бұл шаралар екі кезеңде қыркүйек айына дейін жүргізілмек. Орал қаласында шыбын-шіркеймен күрес жұмысына биыл 93,3 млн теңге бөлінген.Биыл зиянкестерге қарсы жұмыстар нәтижелі болуы үшін мердігер мекеме бактицит препаратына қосымша Ресейде өндірілген агран улы дәрісін сатып алынған. Аталмыш химиялық препараттардың биологиялық алуантүрлілікке еш зияны жоқ көрінеді. Атақарылған іс-шаралар барысы күнбе-күн қоғамдық кеңес мүшелері, депутаттар мен тапсырыс беруші мекеме бақылауында. Егер жұмыстың тиімділік көрсеткіші қанағаттанарлық болмаса, ол жер өнім беруші есебінен қайтадан өңделетін болады.Дернәсілдерге қарсы шаһар мен қала маңындағы елдімекендерде 2 мың га аумақ аспалы бүріккіштермен өңделеді. Бірінші кезең сәуірде басталып, мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Содан кейін масалар қанаттанған кезде өңдеу жұмыстары 11 мың гектар аумақты қамтиды. Улау күн батқаннан таңға дейін жүргізіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.