Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Түрме" әлеуметтік нысанға айналады

c 16:07, 19/04/2022 c 457

0:00 / 0:00

Оралдағы құрылысы бітпеген тергеу абақтысының ғимараты медициналық нысанға айналмайтын болды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Нұрхат Жанбоз мәлімдеді. Сондай-ақ ол аталмыш нысанның қараусыз қалмайтынын, бүгінде инвестор тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын да айтты. Шамамен ғимаратқа бөлінген қаражаттың 60 пайызы игерілген. Жоба бойынша құрылысқа пайдаланылған кірпіш талаптарға сай келмеуі себепті жұмыстар тоқтатылыпты. Нысан облыстық әкімдіктің бақылауына өткен. Айта кеткен жөн, өткен жылы бұл тергеу абақтысы денсаулық саласына қажетті мекемеге айналуы мүмкін екені хабарланған еді.Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері түзету мекемесінің мүлде емдеу орнына айналмайтынын айтып мәлімдемені қысқа қайырды.Қылмыстық атқару жүйесі департаменті нысанның құрылысы 2013 жылы басталғанын айтты. Қазір Орал шаһарының қақ ортасында орналасқан уақытша ұстау изоляторы әбден ескірген. 19 ғасырда салынған ғимарат апатты жағдайда тұр.Қазір аяқсыз қалған ғимаратты өзге салаға пайдалану үшін инвестор іздестірілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.