Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күрмеуі көп мәселелер шешіледі

c 15:16, 12/04/2022 c 304

Облыстық мәслихаттың кезекті 11-ші сессиясы өтті. Депутаттар 2022-2024 жылдарға арналған облыс бюджетіне өзгеріс енгізу, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін толықтыру, облыстың кейбір елдімекендерін қайта атау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің шекті аймағын белгілеуге қатысты ұсыныстарымен бөлісті. Сессия жұмысына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.Қаралған нақты қаражаттың сомасы 10,8 млрд теңге. Енгізілген өзгерістер есебімен бюджет шығастары 334, 4 млрд. теңгені құрайды. Соның ішінде әлеуметтік салаға 1 млрд. теңге бағытталды. Қаражаттың басым бөлігі облыс мектептерін Bilimcenter.kz порталына қосуға және Казталов ауданында Жұлдыз бен Сарықұдық және Оралдағы №18 меткептің құрылысын аяқтауға бөлінді. Оған қоса тағы 1 млрд. теңге ауыл шарушылығы мен экология саласына қарастырылды. Өңірде 4 ауылдық округ пен 9 елдімекен және қаладағы бір алаң мен бір көшенің атауы өзгертіледі. Бұл ұсыныстар алдын ала мәслихаттың бірлескен отырыстарында қаралып, қолдау тапқандықтан депутаттар бір ауыздан мақұлдады. Сонымен қатар сессия отырысында 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс -шаралар жоспары бекітіліп, ауыл шаруашылығы саласына қолданатын жерлердің шекті мөлшерін белгілеу бойынша ұсныстар тыңдалды. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау туралы жоспарға жойылудың аз-ақ алдында тұрған Онескин көлін сақтап қалу шараларын қосуды ұсынды. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты Серік Жарылғапов жер телімдері шекті аумағында суармалы алқаптарды арттырып отырған Қаратөбе, Казталов, Жәнібек, Бөкейордасы аудандарында өзгертілгенін айтты. Сонымен қатар депутат Мұрат Мұқаев су тасқынынан зардап шеккендер үшін депутаттық корпус қолдау шараларына белсене араласып, қоғамдық есепшотқа 3 млн. теңгеден аса қаражат аударылғанын атап өтті.Бұдан бөлек сессияда тірі мал экспорты, көктемгі далалық жұмыстарды уақытылы орындау барысы туралы мәселе көтерілді.Облыс әкімі Ғали Есқалиев республикалық бюджеттен оңтүстік аудандар жолдарының құрылысына 15 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді. Қосалқы мердігерлерге бережақ осы қаражат есебінен төленетін болады. Оған қоса Постепное -Федровка -Ресей шекарасына дейінгі жолдардың құрылысын жаңғыртуға қаржы қарастырылғанын да мәлімдеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.