0:00 / 0:00
Орал қаласындағы Құрманғазы 165 мекенжайының тұрғындары бірінші наурыздан бері газсыз отыр. 9 қабатты жатахана тұрғындары барлық қарызды өтегендерімен көгілдір отын көзіне әлі қосылмаған.Тұрғындардың сөзіне сенер болсақ, бірінші наурызда өшірілген газ әлі күнге дейін қосылмай отыр. Барлығы 235 пәтерде 500-ге жуық адам тұрады. Жатаханада қазіргі уақытта газдың орнына электр жарығы пайдаланылуда.Құжатта көрсетілгендей жатахана тұрғындарының қарызы 1 наурызда 150 мың теңгеге жуықтаған. Үй 1974-ші жылы пайдалануға берілген. «РЦКУ - Уральск» ЖШС-ның қызметкерлері коммуналдық шығындардың толықтай өтелгенін мәлімдеді. Аталмыш баспана мамыр айынан бастап тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне қосылатын болады.