0:00 / 0:00
Сүйінші! Құрметті көрермендер, кішкентай Фатима құны қымбат тұратын Золгенсма дәрісін қабылдады. Бүлдіршінге 3-сәуірде 1 млрд теңге тұратын дәріні екті. "Қазіргі таңда сәбидің жағдайы қалыпты",-дейді әкесі Қанат Асқарұлы.
1 жасар Фатима Асқар еміне шипа болатын Золгенсма дәрісін алды. Қазіргі таңда бүлдіршін ата-анасымен бірге "Ана мен бала" орталығында ем-дом қабылдап жатыр. Сәбидің әкесі екпенің 3-сәуірінде егілгенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Фатима Асқарға 6 айлығында жұлын бұлшықетінің атрофиясы деген диагноз қойылды. Сырқатты емдеу үшін Золгенсма дәрісін ектірту қажет болды. Ол дәрінің құны ұлттық валютаға шаққанда 1 млрд теңгені құрады. Көпбалалы отбасы кенже қыздарының амандығы үшін күллі жомарт жандардан көмек сұрап, шарқ ұрды. Емге деп қазақстандықтар 200 млн теңгеден астам қаражатты жинап берді. Фатиманың ата-анасы екі айдан соң оңалту жұмыстарын Мәскеу қаласында жалғастырмақ. Қанат Куспанов жиналған қаржының қалай және қайда жұмсалып жатырғаны туралы ақпарат береміз деп айтады.