0:00 / 0:00
Елімізде ақпан айында 2500 астам алтын құймалары сатылған. Бұл туралы Ұлттық банктың өңірдегі филиалы хабарлады. Банк қызметкерлері биыл ақпан айында екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пунктері салмағы 82 келі алтын құймасын сатқанын айтады. Еліміздің реттеуші банкі алтын құймаларын сату бағдарламасын 2017 жылы іске қосқан еді. Оларды екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пункттері саудалай алады. Сала мамандары алтын құймалары бес түрлі салмақта саттыққа шығарылды дейді. Яғни, бес, 10, 20, 50 және 100 граммдық құймалар бар. Түрлі салмақтағы алтындардың ішінде 10 граммдық құймаларға сұраныстың көптігін айтады. Бұл барлық саудаланған құймалардың 27 пайызын құрап отыр. Алтын құймалар Алматы, Нұр-сұлтан және Атырау қалаларында көптеп сатылыпты.
Сурет http://ernur.kz/ сайтынан жүктелді