0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы өгей қызына сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп күдікке ілінген ер адамды тергеу изоляторына қамағанын хабарлады. "А" есімді азаматтың үстінен қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті деп танылған азамат 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың наурыз айына дейін өгей қызын анасы үйде болмаған кезде зорлады деп айыпталып отыр. Прокурорлар қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын, тиісті сараптамалардың тағайындалғанын жеткізді. Бүгінгі таңда жәбірленушімен психологтар жұмыстанып жатыр.
Сурет https://egemen.kz/сайтынан жүктелді