Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мұз кесу жұмыстары басталды

c 17:26, 25/03/2022 c 569

0:00 / 0:00

Өңірдегі өзен-көлдер әлі қар құрсауында. Егер күн күрт жылып, гидрологиялық құрылғылар ағын суға шыдас бермесе, біраз ауылды су басу қаупі бар. Қазір өзендерде мұз ою жұмыстары жүріп жатыр. Аймақта 74 гидротехникалық құрылым бар. Егер осы құрылымдарда апатты жағдай болса облыс аумағындағы отыздан аса елдімекенге су басу қаупі төнеді. Бұл мамандардың болжамы.Ал тасқын қаупін төмендетудің арзан, әрі тиімді тәсілі осылай мұзды кесу дейді мамандар. Қазір өңірдегі су басу қаупі бар өзен-көлдерде мұз кесу және ойық бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар көбіне өзендердің бұрылыстарында жасалады. Тек наурыз айының алғашқы онкүндігінде облыс аумағына 33 миллиметр қар түскен. Дегенмен, аймақтағы өзен-көлдердің аңқасы кеуіп тұрғаны рас. Сондықтан ылғал мол түссе жерге ырыс деген мамандар пікірімен келісуге болады. Облыстың 60 процент аумағында ақ ұлпа әлі жатыр. Тек Бөкей Ордасы мен Жаңақала ауданының кей жерлерінде қар жоқ. Су тасқынының алдын алу мақсатында елдімекендерден қар шығарылған. Құтқару қызметінің ат-көлігі сақадай сай күйде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.