0:00 / 0:00
Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті облыста дәрі-дәрмекке деген жоғары сұраныс жоқ деп хабарлайды. Сала мамандарының келтірген мәліметі бойынша қазіргі таңда өңірде дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Барлық дәрі көрсетілген келісім шарт негізінде уақытылы жеткізілуде деседі.
Қазақстанда 8000 дәрі-дәрмек түрі тіркелген. Оның 6 мыңының шектік бағасы бекітілген. Жылына екі мәрте осы баға өзгеріске ұшырап отырады. Сала мамандарының келтірген мәліметі бойынша нарықтағы барлық дәрінің тек 13 пайызы ғана елімізде өндіріледі. Қалған дәрі шеттен келеді. Көбінесе Қазақстан қажетті дәріні Еуропа мен Орталық Азия елдерінен сатып алады.
Сала мамандары дәріханаларда барлық дерлік дәрі жеткілікті,- дейді. Тіпті қызу түсіретін парацетамолдың 80-ге жуық түрі барын айтады.
Тұтынушылар дәріханада сатылатын дәрінің бағасын арнайы Q-код арқылы тексере алады. Егер бағаны негізсіз қымбаттатқаны туралы ақпарат расталса, дәріханалар айыппұл арқалайды. Биылғы жылдың үш айында әзірге дәрінің бағасын қасақана өсіріп, саудалаған дәріхана анықталмапты.