Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құқық қорғау органдарының коллегиясы өтті

c 17:12, 18/03/2022 c 724

0:00 / 0:00

Облыстық полиция департаментінде құқық қорғау органдарының коллегиясы өтті. Мамандар адам құқығы мен азаптау фактілері турасында пікір алмасты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің келтірген дерегіне сүйенсек, қылмыстық кодекстің 146-бабымен 64 істің қозғалған.

Полиция департаментінде сөз алған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Серік Мұстафин құқық қорғау органдарында тіркелген қылмыстық істерді жіпке тізді. Әсіресе, азаматтардың конституциялық құқығына тоқталды. Жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі күдікті деп танылған азаматтар сот басталған шақта өзінің алғашқы сөзінен айнып, кінәні қысым көрсетіп мойындатты деген уәждерін айтады. Бұл азаматтың өзін-өзі қорғаудың бір түрі. Осы тағылған айыпты тексеру үшін сала мамандары түрлі сараптама жасайды. Бір сараптаманың құны 29 мың теңгеден асып жығылады. Сараптама жасау үшін қазынадан 500 мың теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Серік Мұстафин, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

-Қаңтар айындағы оқиғаларға қатысты күштік құрылымдар қысым көрсетті деген айыппен 4 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Егер азаматтардың контитуциялық құқығы бұзылғаны анықталса, Стамбул хаттамасына сәйкес айыпты деп танылған тұлғалар заң бойынша жауапкершілікке тартылады. Күні бүгінге дейін тіркелген азаптау фактісі бойынша 64 қылмыстық іс тіркелсе, оның 89 пайызы тоқтатылды. Осы аталған істерде деректер расталмады. Істі қарау барысында түрлі сот медициналық сараптамалар жасалынды. Тек бір іс сотқа жолданды,-дейді.

Жиында сөз алған прокурорлар азаматтардың конституциялық құқығының қорғалуын сөз етіп, 11 адамның құқығы қорғалғанын алға тартып отыр. Оның 9-бостандыққа жіберілсе, 2 азаматтың ісі тоқтатылыпты.

Александр Цуранков,  Облыс прокурорының орынбасары:

-Мемлекет басшысы да, ата заңға сәйкес азаматтардың конституциялық құқығы бұзылған шақта басшыларды жауапкершілікке тарту керек. Адам құқығы бұзылған 29 дерек тіркелген. Осы істерге байланысты 9 адам жауапкершілікке тартылған. Оның бесеуі басшы. 4 тергеуші бұрын қолданылған жазаммен шектелген. Және 4 азаматқа жұмыстан шығуына байланысты жаза қолданылмады,-дейді.

Адам құқығының қорғалуы мен азаптау фактілерін болдырмау үшін жиналған құқық қорғау органдарының мамандары бейнебақылау құрылғыларын жаппай орнатуды ұсынып отыр. Әсіресе, қылмыстық іс тергелетін полиция бөлімшелері мен қылмыстық атқару жүйелеріне қарасты мекемелердің барлығына жаппай камера орнатудың қажетін айтып отыр. Бейнежазбаларды сақтаудың мерзімі де сөз болды. Мәселен, терроризмге қарсы заңға сәйкес барлық кәсіпкерлік субъектілері таспадағы жазбаны 30 күн сақтауы шарт. Ал құқық қорғау органдары небәрі 15 тәулік ғана сақтайды.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.