Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Агрария мәселесі талқыланды

c 18:00, 11/03/2022 c 489

0:00 / 0:00

Орал қаласында Агроөнеркәсіптік кешеннің даму бағыттары бойынша кеңес өтті. Кеңесте атқарушы билік өткен бес жылдықты қорытындылап, атқарылған жұмыстарын жіпке тізді. Қанша гектар жерден өнім алып, қанша бас мал өсіргендеріне, оған төленген субсидияға тоқталды. Шаруалар сатып алған техниканың біразын түгендеп шықты. Жеткен жетістіктермен қоса шешімін таппай жүрген күрделі мәселелер де баршылық.

Соңғы бес жылда қазынадан ауыл шаруашылығын дамыту үшін 76,7 млрд. теңге қаржы бөлініпті. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов шаруалармен өткен кездесуде мәлімдеді. 2017 жылдан бастап ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 884,1 млрд. теңгені құрапты. Президенттің пәрменімен ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бес жылдық өткен жылы аяқталды. Осы жылдар ішінде мал шаруашылығының үлесі артыпты. Бес жыл бұрын 58,6% құраса, өткен жылы бұл көрсеткіш 62,5% көрсеткен.

Жиында өңір халқын картоп пен көкөніс дақылдарымен қамтамасыз ету мәселесі сөз болды. Өткен жылы сөрелерде картоп пен пияз, сәбіз өнімдері таусылып, министрлер көкөністі көрші елден сатып алу үшін арнайы барғаны да есімізде. Былтыр өңірде жиналған көрсеткіш те көңілді көншітпеді. Енді 2025 жылға дейін облыс халқын толыққанды картоп пен көкөніспен қамтамасыз ету үшін "жасыл белдеу" жасақталып жатыр екен.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары өңірдегі сүт шаруашылығына да тоқталды. Халық тұтынатын сүттің 25 пайызы ғана аймақта өндіріледі. Қалған өнім сырттан келеді.

Жиында көктемгі далалық жұмыстар да талқыланды. Шаруалармен онлайн кездескен жер комитетінің өкілі жер заңнамасындағы өзгерістерді шаруаларға түсіндірді. Ал өзге мамандар қуаңшылық кезінде қандай тыңайтқыштарды қолдану керек екенін айтып, техника түрлерін таныстырды.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.