Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шетелдік саяхаттың құны қымбаттады

c 18:00, 11/03/2022 c 545

Доллардың құны өскен сайын, теңгенің бағамы құлдырап, елде қымбатшылық басталды. Азық-түлік, киім мен көліктің бағасы шарықтап шыға келді. Енді "ел көрем, білім көкжиегімді өзге елге барып дамытам" деген жандар үшін саяхат арманға айналғанға ұқсайды. Қазақстандық туризм ассоциациясының таратқан ақпарына сүйенсек, шетелдік саяхаттың құны 40-50 пайызға қымбаттап үлгерген. Күйбең тіршіліктен қол үзіп, жағажай демалысын таңдаған саяхатшылар енді қай курортқа бармақ?

Доллардың бағамы күн санап емес, сағат сайын өсіп, теңгенің құны құлдырап жатқанда, шетелдік валютаға байланысты барлық азық-түлік, киім-кешек, көлік пен саяхаттың бағасы қымбаттады. Туризм ассоциациясының мамандары саяхаттың құны 40-50 пайызға өскенін айтып отыр.

Шетелдік валютамен брондалатын саяхаттың құны қымбаттағасын жергілікті туристік агенттіктерді сөзге тарттық. Агенттік өкілдері қазір Атырау, Ақтөбеден Мысырға, Грузия мен Біріккен Араб әмірліктеріне демалуға аттанатындардың қарасы қалың екенін айтады. Және Түркияның жағалауына жазда демалу үшін ерте қамданып жатқандар да баршылық екен. Коронавирус пандемиясына байланысты шектеулерді Еуропа елдері біртіндеп алып, қазақстандық туристерді қабылдау үшін визалық орталықтар өз жұмыстарына кіріскен.

Туристік агенттіктің мәлімдеуінше, күні бүгінге дейін шетелдік саяхатты ерте брондап жатқан жандардың қарасы сейіліпті. Мамандар шетелдік валютаның бағамы өспесе, енді арзандамайтынын айтады. Құнын күн сайын жоғалтып жатқан теңгемен күн көріп отырған жандар үшін шетелді көру енді арманға айналғанға ұқсайды.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.