0:00 / 0:00
Орал қаласында "Түбіртекті талап ет!" акциясы басталды. Жоба азаматтық бақылауды көздейді. Яғни, қандай да бір сауда нүктесінен сауда жасаған адамға түбіртек берілмесе осы фактіні құзырлы мамандарға хабарлау керек. Ол үшін ұялы телефонға "WIPON CASHBEK" бағдарламасын көшіріп алу шарт. Осы бағдарламаға түбіртекті бермеген сәтті видеоға түсіріп, жүктеген адамның шотына 1000 теңге көлемінде сыйақы түседі. Өткен жылы аталмыш бағдарламамен 192 шағым қабылданған. Оның 133-і расталыпты. Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары тұрғындарды көлеңкелі экономикамен бірге күресуге шақырады.
Сурет https://qazaly.kz/ сайтынан жүктелді