Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ВЕТЕРИНАРИЯ МӘСЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

c 23:07, 21/02/2022 c 519

0:00 / 0:00

Оралда ветеринария мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары, "Ақ жол" партиясының депутаттары қатысты. Келелі кездесуде ветеринария мәселелері және оларды шешу жолдары қарастырылды.

Ветеринария мәселелері және оларды шешу жолдары

Ветеринария саласындағы өзекті мәселелерді анықтау, сондай-ақ мамандарды толғандыратын сұрақтарға жауап іздеу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ғалымдар мен профессорлар қатысты. Олар түйткілді проблемаларды тілге тиек етеп, депутаттарға аталмыш саланың өзекті тұстарын жеткізіп, сұрақтарын қойды.

Ең өзекті мәселе- білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Осылай деген профессорлар қауымы қазіргі уақытта өңірде жас мамандар жетіспейтінін атап өтті. Мұның себептері де жетерлік. Жалақының төмендігінен бастап қажетті жабдықтар мен құралдардың жетіспеушілігі. Ең қиыны- мал дәрігерлерінің жұпыны жағдайда жұмыс жасауы.

Ветеринария саласындағы өзге де проблемаларды шешу мақсатында алдағы уақытта бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Ал бүгінгі жиынға қатысушылар барлық көтерген мәселелер жауапсыз қалмайды деп отыр. Оны арнайы келген депутаттар да басты назарда ұстамақ.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.