Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолдарды жөндеуге 14,6 млрд. теңге бөлінді

c 15:37, 17/02/2022 c 504

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстанда биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге республикалық және жергілікті бюджеттен 14,6 млрд теңге қарастырылып отыр. Бұл туралы БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айдар Менеевтің мәлім етті.Осы қаражатқа ұзындығы 215 шақырымнан асатын жол жөндеу көзделуде. Барлығы 37 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, соның 20-сы 2021 жылы басталып биылға жалғасса , 17-сі - жаңа жоба. «Осылардың ішінде көптен шешімін таппай келе жатқан, облыс тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы ерекше жолдар бар."Nur Otan" партиясы облыстық филиалы жол қауіпсіздігі мен жөндеу жұмыстарын партиялық бақылауға алған. Партия өкілдері қаражаттың мақсатты, әрі дұрыс жұмсалуы үшін қосымша шараларды қолға алу қажет деп санайды.  Өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 30,2 млрд теңгеге 329,8 км жол жөнделсе, соның 185,7 шақырымы - жергілікті жолдар. 11 ауданда облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойынша 36 жоба жүзеге асырылып, соның нәтижесінде тұрғындардың республикалық және облыстық жолдар арқылы облыс пен аудан орталықтарына қарым-қатынасы жақсарды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.