0:00 / 0:00
Биыл Орал қаласында 25 үй жаңғыртудан өтпек. Бұл туралы тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары хабарлады. Өткен жылдары келіп түскен өтініштер негізінде жөнделетін үйдің жобалық -сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өткен. Енді осы баспаналарды жөндеуге қаражат бөлінсе, құрылыс-монтаж жұмыстары басталмақ.
Бұл -облыс орталығының орталығында орналасқан көпқабатты тұрғын үй. Осы баспананың тұрғындары бірнеше жылдан бері шатырынан су кетіп, қиналып келді. Әсіресе, көктем мен күзде жаңбыр мен еріген қар суынан 5-ші қабаттың тұрғындары зардап шегуде. Олар жөндеу жасаудан шаршадық,- дейді.
Осы баспана секілді облыс орталығында шатырынан су кетіп, жеделсатысы істен шығып, инженерлік желілерінің тозығы жеткен 25 үй жөндеу көрмек. Тұрғындар "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында баспаналарын қайта жаңғыртады.
Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы 2011 жылы іске қосылды.