0:00 / 0:00
Осыдан 33 жыл бұрын кеңес үкіметінің әскері ауған жерінен шығарылды. Отыз үш жыл бұрын БҚО-нан 1000 астам жауынгер сұм соғысқа аттанған еді. Олардың 27-сі жат жерде опат болып, бір азамат іс-түссіз жоғалды. Ауған соғысына қатысқан ардагер жауынгерлер ұрыс шебінде жан тапсырған сарбаздардың рухына тағзым жасап, майдандастарын еске алды. Бүгінгі таңда БҚО-да 700-тен астам ауған соғысының ардагері бар. Олардың басым көпшілігі облыс орталығында тұрып жатыр.