0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері «Ashyq» қосымшасы деректері бойынша үйлерінде оқшаулануы тиіс 729 адамның карантин талабын бұзғаны анықталды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, олардың 719-ның - «қызыл» мәртебесі бар.Яғни, олар коронавирус жұқтырған адамдар. Қалған оны - аурулармен қарым-қатынаста болғандар. Деректерге сәйкес ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес жеке тұлғаларға 54 хаттама толтырылып, 2 млн 481 мыңнан астам теңге көлемінде айыппұл салыныпты. Жыл басынан бері 9047 адамның індет жұқтырғаны анықталса, соның 4774-і - ауру белгісі барлар, 4273-і - симптомы жоқтар. 1 ақпаннан бастап 1949 науқас тіркелді. «Күні бүгін облыста 51 694 адам (37,1 пайыз) ревакцинациядан өтсе, соның 947-сі кеше егілген.
Мамандар ревакцинация мәселелері бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 1 ақпаннан бері мемлекеттік шекарадан анықтамасыз өткен 300 жолаушының бесеуінен, халықаралық жүк тасымалымен айналысатын 220 жүргізушінің 13-інен індет табылыпты.