Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ветеринария саласындағы өзгерістер

c 17:38, 09/02/2022 c 645

0:00 / 0:00

Енді ветеринария саласына «QR-код» электрондық қосымшасы енгізілмек. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен апталық лездемеде БҚО ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағамбетов мәлімдеді.Бұл электрондық қосымшаны қолдану арқылы ветеринариялық ұйымдармен берілетін барлық анықтамаларда жеке QR-код түзіліп, соның негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары мен өнімдерінің қозғалысына бақылау жасалынады. Жануарларды қабылдаушы кәсіпорындар «QR-код» электрондық қосымшасында берілген ветеринариялық құжаттар бойынша келген малды қабылдап алғандығын растап, тіркеу жүргізеді. Яғни бақылау күшейтіліп, сала жұмысындағы жемқорлық фактілерінің жолы кесілмек.
Ақпанның 7-сі мен 14-ші жұлдызы аралағында барлық ветеринария саласының құрылымдық бөлімшелері «QR-код» қосымшасын қолданып, тестілік режимде жұмыс жасайды. Яғни тұрғынға тиесілі төрт түлік саны және малға түрлі ауруға қарсы жүргізілген ем шаралар мен иесі туралы барлық мәлімет базаға енгізіледі. Бұл қосымша ит пен мысыққа да қолданылады. Ветеринариялық құжаттарды QR-кодпен жабдықтау жануарлар мен олардың өнімдерінің қозғалысын толық бақылауға алу арқылы халықтың денсаулығын қауіпті мал өнімдерінен қорғауға бағытталады. Жиында бұдан бөлек оқушыларды ыстық тамақпен қамту және мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желіде белсенділігі туралы сөз болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.