Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жастар практикасымен" 81 жас тұрақты жұмысқа орналасқан

c 18:05, 03/02/2022 c 1039

0:00 / 0:00

2021 жылы Орал қаласында 400-ден астам азамат жастар практикасына жолдама алған. Бүгінде тәжірбиеден өткен жастардың 80-ге жуығы тұрақты жұмысқа орналасыпты.

Қолына диплом алған жас маманның жұмысқа орналасып кетуі қиын. Жұмыс берушілер еңбек өкілі мен тәжірбиесі бар маманды таңдайтыны да жасырын емес. Сол себепті жас кадрлардың тәжірбие жинақтауы үшін елімізде "Жастар практикасы" бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама арқылы облыс орталығында 2021 жылы 400-ден астам жас жұмысқа жолдама алған.

Жастар практикасы бағдарламасына жоғарғы және арнаулы оқу орнын тәмамдаған, мамандығы бойынша тәжірбиесі жоқ, 29 жасқа толмаған азамат қатыса алады. Осы бағдарламаның арқасында тәжірбие жинақтап жатқан жанның бірі-Назерке Нәсіпқали. Оның мамандығы-дизайнер. Бүгінде жас маман қаламыздағы сән үйінде жұмыс жасайды.

Мемлекет басшысы соңғы қаңтар айындағы парламент мәжілісінің отырысында да "Жастар практикасына" басты назар аударып, тоқталған-ды. 2022 жылдан бастап бағдарламаға өзгерістер енгізіледі деп жоспарлануда. Енді тәжірибелік жұмыс мерзімін 12 айға дейін ұзартып, еңбек ақы 90 мыңнан асып жығылады деп күтілуде.

Сурет http://jastar.online/ сайтынан жүктелді

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.