0:00 / 0:00
«Оралтехсервис», «Алый парус», «Ақжол авто» кәсіпорындарының жолаушы тасымалына қатысты мәселелер шешілетін болады. Естеріңізде болса осыдан жиырма күн бұрын жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындар міндеттемелерін орындамаған жағдайда қала әкімдігі сот тәртібімен келісімшарттарды бұзу құқығына жүгінетінін жариялаған еді.«Жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындардың қызмет ету сапасы төмендеп кетті. Әрі тұрғындар автобустардың жүру уақытының алшақтығы ұлғайғаны туралы жиі шағымданады. Ескертпелер әсіресе «Оралтехсервис», «Алый парус», «Ақжол авто» кәсіпорындарына қатысты» болып отыр. Депутаттық сағатта қалалық әкімдік өкілдері кәсіпкерлердің аталған сын ескертпелермен жұмыстанып жатқанын жеткізді. Оралдықтар сала қызметіндегі кемшіліктерді тағы да атап өтті.Карантинге дейін Оралда маршрутта 400 көлік жүрсе, қазір олардың не бары 200-і ғана қызмет көрсетіп жүр.