0:00 / 0:00
Орал қаласында тән саудасын кәсіп қылған притон анықталды. Аталмыш нысанды 1973 жылы дүниеге келген Ш есімді адам құрған. Қолға түскен азаматша қонақүйді жалға алып, 2021 жылдың қыркүйегі мен желтоқсан айларында жезөкшелікпен айналысып, осы ісімен табыс тапқан. Қазіргі таңда заңсыз притон ұйымдастырғаны үшін азаматшаға қатысты қылмыстық кодекстің 309 бабы, 1-тармағы бойынша іс қозғалған. Полиция департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, өткен жылы тәртіп сақшылары адам саудасымен айналысқан 18 қылмыстық іс тіркепті. Оның 15-сі тән саудасына қатысты.