Орал қаласындағы №46 балабақшада медбике болып қызмет атқарған маман туберкулез ауруына шалдыққан. Медициналық қызметкер қыркүйек айында скрининг тексерісінен өткен. Аталмыш тексерілістен кейін, медбикенің жұқпалы сырқатпен науқастанғаны мәлім болыпты. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы хабарлап отыр. Қазіргі таңда, аталмыш балабақшада тәрбиеленіп жатқан 300-ден астам бүлдіршіннің, 170-сі арнайы екпе алған. Туберкулезбен науқастанған медбике медициналық орталықта қажетті ем-дом қабылдап жатқан көрінеді.