0:00 / 0:00
Ел басына күн туған шақта қоғам мен бұқараның тыныштығын тәртіп сақшылары мен қатардағы жауынгерлер күзетті. Өңірде төтенше жағдай режимін алып тастаса да Ұлттық ұланның сарбаздары әлі күнге дейін қызметін жалғастыруда.
Жыл басында болған елдегі дүрбелең барша қазақстандықтарды алаңдатқаны рас. Күштік құрылымдар әлі күнге дейін елге бүлік салған жандармен күресіп жатыр. Ал тәртіп сақшылары мен Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жауынгерлер қоғам мен бұқараның тыныштығын күзетуде.
5517 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жатқан жауынгер стратегиялық маңызы бар нысандар мен көше бойындағы тәртіпті күзетуге жұмылдырылған.
Егде тартқан қала тұрғыны сарбаздарға қиын-қыстау күнде атқарып жатқан жұмыстары үшін өз алғысын білдіреді.