0:00 / 0:00
Облыс аумағында орналасқан қылмыстық атқару жүйелерінің мекемелерінде ерекше жағдайлар режимі енгізілді. Сала мамандары бұл еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қабылданып отырған шара екенін айтады. Қазіргі режимде сотталған азаматтардың жақын-жуығымен кездесуі кейінге шегеріледі. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары жазасын темір тордың ар жағында өтеп жатқан жандардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтады.
Сурет https://www.inform.kz/ сайтынан жүктелді.