Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

2022 жылдың шілдесінде ПИК қызметін тоқтатады

c 17:32, 12/01/2022 c 2157

0:00 / 0:00

Қазақстанда 2022 жылдың шілдесінен бастап пәтер иелері кооперативі өз жұмысын тоқтатады. Кооперативтер орнына меншік иелері бірлестігі немесе қарапайым бірлестік келмек. Сала мамандарының таратқан ақпарына сүйенсек, қазіргі таңда Орал қаласында 700-ден астам қарапайым бірлестік құрылыпты. Ал меншік иелерінің бірлестігі небәрі 22.

2019 жылы өзгеріске ұшыраған тұрғын үй заңнамасына сәйкес биылғы жылдың шілдесінен бастап ПИК-тері қызметін тоқтатады. Көп қабатты тұрғын үйлер тұрғындарының бірі осы кооперативтер қызметін сынаса, енді бірі -"подъездерге ағымдағы жөндеу жүргізіп, ауланы жиыстырып жатыр",- деп шаң жуытпайды. Көп жылдан бері ПИК-не төлеген ақша қайда кетеді деген сұрақ күн тәртібінен түсіп, тұрғындар үйлері үшін жауапкершілік алуы керек. Енді жаңашылдық бойынша үй тұрғындары бірлесе отырып, қарапайым бірлестік пен меншік иелерінің бірлестігін таңдауы шарт. Қазіргі таңда Оралда 700-тен астам қарапайым бірлестік құрылған.

Қалалық ПИК қауымдастығының төрағасы тұрғындар үйлері үшін жауапкершілік алуға асықпайтынын айтады.

Қалалық мәслихат депутаттары әрбір үйдің тұрғындары қарапайым бірлестік пен меншік иесінің бірлестігі үшін қанша ақы төлейтінін бекітеді. Сала мамандары бұл ақы меншік иелерінде қымбат болуы мүмкін дейді. Себебі меншік иелері бірлестігі заңды тұлға болып тіркеледі. Осы бірлестік өзінің басшысын тағайындап, есепшіні жұмысқа алады. Өз кезегінде осы азаматтарға тұрғындар жалақы төлеу үшін ақы төлейді. Бірлестік өкілдері тұрғын үй үшін екі шот ашады. Оның бірі үйді күрделі жөндеуге арналса, енді бірі ағымдағы шығыстарға бағытталған.

Шілдеге дейін ПИК төрағалары жылдар бойы ақы төлемей келген тұрғындардан бережақты қайтару ісімен шұғылданбақ. Олар қарызды өндіріп алу үшін нотариустарды жағалап, сотқа беруі мүмкін.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.