Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екінші деңгейлі банктер қызметіне кірісті

c 09:54, 11/01/2022 c 1057

0:00 / 0:00

10-қаңтардан бастап екінші деңгейлі банктер өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда банктердің филиалдары азаматтарды қабылдап, олардың өтініші бойынша жұмыстанып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, елімізде болған оқиғаларға байланысты банктер уақытша өз қызметін тоқтатқан-ды.

Өткен аптада біраз уақытқа қызметін тоқтатқан екінші деңгейлі банктер жұмысына қайта кірісті. Бұл туралы еліміздің Ұлттық банкі хабарлайды. Реттеуші банк өзінің хабарламасында 2022 жылғы 10 қаңтарда мемлекеттік бюджет пен қаржы секторында төлемдерді теңгемен жүргізу үшін, соның ішінде азаматтардың шотына айлық еңбекақы мен жәрдемақыны және зейнетақыны аудару үшін «ҚР ҰБ Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК төлем жүйесі штаттық режимде жұмыс жасайтын болады. Бұл өз кезегінде ең алдымен еліміздің барлық аумағында халық пен бизнеске ішкі төлемдерді ұлттық валютада еш кідіріссіз жүргізуге мүмкіндік береді делінген.

Банктер қызметі тоқтағасын азаматтар жаппай банкомат жағалап, картадағы ақшасын шешіп алуды көздеген еді. Өткен аптада ақша алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды.

Екінші деңгейлі банктердің қызметімен қоса 10-қаңтардан бастап Қазақстанның қор биржасы да іске қосылды. Алайда ақша айырбастау пунктерінде қызметкерлер мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін жұмыс уақытша тоқтатылады.

Сурет https://www.gazeta.ru/ сайтынан жүктелді.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.